
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
28.04.2026
Клиникалық психологиядағы психотехнологиялар бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар: тәжірибе мен инновациялар 2026 жылғы 28 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының «8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология», «8D03105 - Психология» білім беру бағдарламаларының докторанттары «Алекситимия және посттравматикалық стресс бұзылыстарымен жұмыс істеудегі психотехнологиялар» тақырыбында халықаралық ғалымдардың қатысумен ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды.
Семинардың кіріспе бөлімінде «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының меңгерушісі, Педагогика және психология факультетінің декан міндетін атқарушы, PhD, қауымдастырылған профессор Гульмира Бекенқызы Ниетбаева клиникалық психологияның білім беру жүйесіндегі маңыздылығын ашып көрсетті. Теориялық-әдіснамалық блокты психология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология» докторантура білім беру бағдарламасының авторы және жетекшісі Ольга Бисенқызы Тапалова ұсынды. Қорытынды кезеңде докторанттар практикалық-бағытталған блок өткізіп, қолданбалы психотехнологиялар мен кәсіби жұмыс әдістері талқыланды.
Семинар халықаралық академиялық алмасу алаңы ретінде қатысушылардың ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамытуына және шетелдік тәжірибені білім беру мен ғылыми практикаға енгізуіне ықпал етті. Семинар жұмысына Австрияның Инсбрук қаласындағы Тироль педагогикалық университетінің профессорлары З. Майрхофер, В. Фигль, П. М. Пфлуг қатысып, инклюзивті білім беру, реформалық педагогика және пәнаралық тәсілдер саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, семинарға Педагогика және психология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар және 1-2 курс магистранттары қатысты.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|