| |
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | |
02.05.2026
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде ашық есік күніне Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыру және өткізуге қосқан үлесі!
2026 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында Ашық есік күні өтті. Аталған іс-шара аясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасы кәсіптік бағдар беру жұмысының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне елеулі үлес қосты. Іс-шара жылы, достық және шабыттандыратын атмосферада өтті, бұл мектеп оқушылары мен талапкерлермен белсенді өзара әрекет жасауға мүмкіндік берді. Ерекше назар психолог мамандығын насихаттауға және қатысушыларды кафедраның білім беру мүмкіндіктерімен таныстыруға аударылды. Іс-шараны ұйымдастыру және өткізу кафедраның профессор-оқытушылар құрамы - Сәлмеке Салтанат Аманқызы, Бекжанова Саним Жаркынбековна және студенттердің белсенді қатысуымен, кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Тусубекова Кунслу Кадыркуловнаның жетекшілігімен жүзеге асырылды. Ашық есік күні бағдарламасы аясында кафедра үш сатылы білім беру жүйесі бойынша мамандар даярлау туралы ақпарат ұсынды: Бакалавриат ББ 6В03111 - Практик психологтарды даярдау Магистратура: ББ 7M03122 Клиникалық психология психотерапия негіздерімен Казахстан мен Беларусь арасындағы (қос дипломды білім беру) - бұл студенттің екі елдің университеттерінде оқып, оқу соңында екі диплом алу мүмкіндігі бар бағдарлама. ББ 7M03118 - Денсаулық психологиясы және психотерапия негіздері Докторантура (PhD): ББ 8D03105 - Психология ББ 8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология Іс-шара барысында қатысушыларға кафедра қызметі туралы буклеттер таратылып, онда психолог мамандығының ерекшеліктері мен білім берудің барлық деңгейлері туралы ақпарат ұсынылды. Осылайша, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының Ашық есік күніне қатысуы кәсіптік бағдар беру міндеттерін тиімді жүзеге асыруға, талапкерлердің ақпараттану деңгейін арттыруға және психологиялық білімнің практикалық маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді.


Кері оралу
|
|
|