қазақша · русский · english
 
 
 
20.05.2026

Абай атындағы ҚазҰПУ-де Максим Танк атындағы БМПУ оқытушыларының қатысуымен ғылыми семинар өтті!


2026 жылғы 19 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасында Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті оқытушыларының қатысуымен ғылыми семинар өтті.
Ғылыми семинар барысында 7M03122 - «Клиникалық психология психотерапия негіздерімен» қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары талқыланды.
Семинарда 1 курс магистранттары орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, таңдаған тақырыптарының өзектілігін негіздеді. Сонымен қатар зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, ғылыми нәтижелерін айқындап, алдағы ғылыми жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі.
Талқылау барысында студенттердің эмоционалдық тұрақтылығы мен тұлғалық психологиялық әл-ауқаты, обсессивті-компульсивті бұзылысы бар тұлғалардағы эмоциялық реттелу ерекшеліктері, сондай-ақ жас аналардағы депрессиялық күйлердің қазіргі тенденциялары сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.
Өз кезегінде БМПУ Психология институтының өкілдері: психол.ғ.к., доцент Алла Викторовна Музыченко, психол.ғ.к., доцент Александр Андреевич Полонников және психол.ғ.к. Елена Сергеевна Боброва магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша құнды ұсынымдар беріп, әр жұмыстың мазмұндылығын атап өтті.
Магистранттардың ғылыми жетекшілері: PhD, қауымдастырылған профессор Г.Б. Ниетбаева, психол.ғ.д., профессор А.Т. Акажанова, психол.ғ.д., профессор м.а. О.Б. Тапалова, психол.ғ.к., аға оқытушы Э.Д. Абишева, PhD, аға оқытушы Н.А. Кудушева өткізілген семинардың нәтижелі болғанын атап өтті.

 

  alt=    

                                     

 




Кері оралу