қазақша · русский · english
 
 
 
05.06.2026

Павлодар қаласындағы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының филиалында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Ғылым мен тәжірибе диалогы» атты ғылыми-практикалық семинар өтті!


Павлодар қаласындағы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының филиалында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында, сондай-ақ КазҰПУ "Жалпы және қолданбалы псизология кафедрасы" докторанты Суюндыкова Нұргүл Молдабайқызының ғылыми тағылымдамасы шеңберінде «Ғылым мен тәжірибе диалогы» атты ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараға мекеме мамандары және «8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология» білім беру бағдарламасының жетекшісі, психология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор О.Б. Тапалова қатысты.

Семинар зерттеу мен клиникалық тәжірибе, статистикалық деректер мен адам тағдырлары, ғылыми болжамдар мен тәуелділігі бар адамдармен жұмыс істейтін мамандардың күнделікті тәжірибесі арасындағы шынайы диалогқа айналды.

Кездесу барысында тәуелділігі бар адамдарды психотерапиялық сүйемелдеу мен әлеуметтік оңалтудың өзекті мәселелері, аддиктивті мінез-құлықтың қалыптасуы мен сақталуының психологиялық предикторлары жөніндегі заманауи көзқарастар, сондай-ақ тиімді көмек көрсету үшін қажетті кәсіби, ұйымдастырушылық және пәнаралық жағдайлар талқыланды.

Сонымен бірге, семинар барысында аддиктивті мінез-құлық саласындағы заманауи зерттеу бағыттары ұсынылып, психотерапия мен әлеуметтік оңалтудың өзекті тәсілдері талқыланды, сондай-ақ академиялық білім мен көмекке жүгінетін адамдардың нақты қажеттіліктері арасындағы байланысты нығайту мүмкіндіктері қарастырылды.

Павлодар филиалының басшылығы мен мамандарына ғылыми ынтымақтастыққа ашықтығы, кәсіби қызығушылығы және ғылым адамның өміріне нақты көмек көрсетудің ажырамас бөлігіне айналатын кеңістікті дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

 

 

  alt=    

                                      

 




Кері оралу