қазақша · русский · english
 
 
 
30.09.2026

«Шекарасыз клиникалық психология: Қазақстан мен Беларусьтің ғылым мен практика саласындағы тәжірибесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы 2026 жылғы 28 қыркүйекте «Шекарасыз клиникалық психология: Қазақстан мен Беларусьтің ғылым және практика саласындағы тәжірибесі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
«Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасында «6В03111 - Практик-психологтарды даярлау», «7М03122 - Психотерапия негіздері бар клиникалық психология» және «8D03105 - Психология» білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.
Дөңгелек үстел Абай атындағы ҚазҰПУ мен Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы «7М03122 - Психотерапия негіздері бар клиникалық психология» білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру аясында 2-курс магистранттарының ғылыми тағылымдамасына орай, «Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті» білім беру мекемесінің Психология институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің модераторы: Ниетбаева Гүлмира Бекенқызы - PhD, қауымд.профессор м.а., «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының меңгерушісі.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға Педагогика және психология факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Абаева Ғалия Әскербекқызы құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысқандар:
Есимов Наби Болатович - PhD, MBA, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК көрсетілетін қызметтің сапасы жөніндегі директордың орынбасары, Алматы қаласының штаттан тыс бас психиатры, «Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті;
Скляр Сергей Владимирович - Орталық директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер, психотерапевт.
Жумадилова Валентина Калбаевна - Жумадилоа Психотерапия институтының директоры.
Дроздова Наталья Валерьевна - психология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті, Психология институтының» директоры.
Тапалова Ольга Бисеновна - психология ғылымдарының докторы. «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
«Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті» БМ Психология институтының «7М03122 - Психотерапия негіздері бар клиникалық психология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары;
Абай атындағы ҚазҰПУ, «7М03122 - Психотерапия негіздері бар клиникалық психология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Г.К. Амангельдинова және Ж. Төлеу;
«6В03111 - Практик-психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері, «7М03122 - Психотерапия негіздері бар клиникалық психология» білім беру бағдарламасының магистранттары, «8D03105 - Психология» білім беру бағдарламасының докторанттары және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

  alt=    

                                      

                                      

 




Кері оралу