қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2018

Ғылыми- практикалық семинар
«Қолданбалы психологияның даму перспективасы мен қазіргі жағдайы»


Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және Психология институтының «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы бүгінгі күнгі қолданбалы психологияның өзекті мәселелері бойынша «Қолданбалы психологияның даму перспективасы мен қазіргі жағдайы» тақырыбында ғылыми- практикалық семинар өткізді.

 

  

 

Семинар практикалық бағытқа ие болды және жоғары және орта мектептердің оқытушыларына, заманауи қоғамның түрлі салаларында жұмыс істейтін практик психологтарға: адам ресурстарын басқару, өндіріс орындары және бизнес, экономика, ғылым, ұлттық қауіпсіздік және құқық қорғау органдары, білім беру, спорт, денсаулық сақтау және т.б. студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, сондай-ақ Қазақстанда қолданбалы психологияны дамытуға мүдделі тұлғаларға арналды.


Семинардың мақсаты психологтар қызметінің қолданбалы аспектілерінде ғылыми-әдістемелік деңгейін және кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.


Семинар барысында келесі іс-шаралар өткізілді:

1.Қолданбалы психологияның ағымдағы жай-күйін және қазақстандық қолданбалы психологияның өсу орынын анықтау.
2.Презентациялар, стендтті баяндамалар, тренингтер және шеберлік сыныптары өткізілді.
3.Сертификаттарды тапсыру.


Семинар модераторлары болды: ПжП институты, п.ғ.д, профессор Әлмұхамбедов Б.А., Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.д, Сатова А.К., осы кафедраның ассоц. проф.пс.ғ.д, Тапалова О.Б., пс.ғ.к., аға оқытушы Надирбекова А.О.


Семинарда оқытушылар, тренерлер, 100-ден астам қатысушылар қатысты. Барлық қатысушылар семинардың ұймдастырылуына, мәнділігіне, жалпы нәтижесіне жоғары баға берді және осындай семинар негізінде семинарлар үнемі өткізіліп отырылса деген ұсыныстарын айтып жеткізді.

 

  

 

 

Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде жүзеге асырылатын инновациялық өзгерістердің алуан түрлілігі ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді қажет етеді. Қазіргі уақытта кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы болашақ мамандар арасында психологиялық іргелі және қолданбалы білім қалыптастыру мәселесі болып табылуда.


Кафедраның ғылыми-әдістемелік бөлімінің жұмысы таңдалған басым міндеттерге сәйкес жүзеге асырылды. Өткен уақыттарда кафедраның оқу- әдістемелік секция отырысы өткізілді (жауаптылар Тусубекова К.К., Жигитбекова Б.Д.).


Әдістемелік семинарлар: п.ғ.к, доцент Тусубекова К.К. «Тұлғаның дамуындағы өзін-өзі аңыктау мәселесі»; психол.ғ.к., доцент Нургалиева У.С. «Белсенді оқыту әдістерін қолдану ерекшеліктері» және т.б. басқалар.


Кафедра оқытушылары типтік оқу бағдарламаларын әзірлеуге белсене қатысады. Оқытылатын пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары, силлабустар және қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманың толық нұсқасы әзірленді. Кафедра оқытушылары күндізгі және сырттай оқу түрі үшін екі тілде жұмыс оқу жоспарларын әзірледі.




Кері оралу