қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2018

«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы


Университеттің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары психол.ғ.к. Ақмарал Сатова, психол.ғ.к. Эльмира Абишева және PhD Гүлмира Ниетбаева Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының психологтарына арналған «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсының қазылар алқасының жұмысына қатысты. Конкурсқа облыстық кезеңнің жеңімпаздары, республиканың 15 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан келген үздік психологтар қатысты.


Байқау кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы иеленуді, оларды қолдау мен ынталандыруды көрсететін дарынды, шығармашылық жұмыс істейтін психологтарды анықтау мақсатында өткізілді.

 

   

 




Кері оралу