қазақша · русский · english
 
 
 
26.02.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Өмірдегі дағдарысты және қиын жағдаяттардағы тұлға» IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны бірлесіп ұйымдастырушы

 

2018 жылдың 22-23 ақпан күндері ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасы А.С. Макаренко атындағы Сумск мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасымен бірлесіп, «Өмірдегі дағдарысты және қиын жағдаяттардағы тұлға» тақырыбында IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып өткізілді. А.С. Макаренко атындағы Сумск мемлекеттік педагогикалық университеті - Украинаның жетекші ғылыми және білім беру орталықтарының бірі.

Конференция мақсаты: Адамның дағдарысты және өмірлік маңызды жағдаяттарын теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және психологиялық көмек көрсету болып табылады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Адамның дағдарысты және өмірлік маңызды жағдаяттарын теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу.
2. Адамның жасерекшелік және әлеуметтік-мәдени өмір дағдарыстары: бейімделу, әлеуметтену, даму.
3. Өмірдің дағдарысты, дағдарыстан кейінгі жағдайларға және психологиялық денсаулығы мен жеке адамға психологиялық көмек көрсету.
4. Өмірдің ерекше жағдайында және спорт түрлеріндегі тұлғалар.
Конференция бағдарламасы: пленарлық және оқу- демонстрациялық сессиялары, авторлық мектептердің тұсаукесерлері, семинарлар, шығармашылық шеберханалар, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер, бейресми байланыс, оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі.

Бұл конференцияда:
1. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Сатова видеобейне сұхбатпен сөз сөйледі.

2. Конференция материалдары жинағы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушыларының 8 мақаласын қамтиды:

1. Сатова А. К.

2. Момбиева Г.А.

3. Надирбекова А.О.

4. Кудушева Н.А.

5. Тукебаева С.А.

6. Садреймова А.Ж.

7. Дауткалиева П.Б.

8. Лимашева Л.А.

 

 




Кері оралу