қазақша · русский · english
 
 
 
17.02.2017

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының «Психологиялық жұмыстағы арт-терапия» ғылыми үйірмесі


2017 жылдың 14 ақпанында студенттердің сұрауы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика мен психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының п.ғ.к., аға оқытушы К. К. Түсіпбекованың жетекшілігімен «Психологиялық жұмыстағы арт-терапия» ғылыми-қолданбалы үйірмесі құрылды. Үйірменің жұмысына Ресурсты орталықтың әдіскері С.Т. Исалиева қатысты.


К. К. Түсіпбекованың жетекшілігімен екінші жарты жылдыққа үйірме жұмысының жоспары құрылды. Жоспар бойынша бірінші курс студенті Женалиева Замира «Мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстағы арт-терапия» дипломдық жұмысының тақырыбы бойынша балабақша негізінде ғылыми зерттеулер жүргізетін болады.


Үйірме жұмысын балабақша-мектеп-жоо сабақтастығы арқылы жүзеге асырады.


Бүгінде үйірме наурыздың 16-18 жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйыдастырумен өтетін ғылыми-тәжірибелік семинарға «Қолданбалы психологияның қазіргі жағдайы мен даму келешегі» тақырыбында стендті баяндама әзірлеуде.

 

 

 




Кері оралу