қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2019

«Академиялық адалдық» кодексі

 

Академиялық адалдық - бұл білім беру үдерісінде студенттердің жеке басының адалдығы мен білім алудағы жауапкершіліктерін дамытуға бағытталған құндылықтар мен қағидалар жиынтығы.

 

Педагогика және психология институтының, жалпы және қолданбалы психология кафедрасында, қазақ және орыс бөлімінің эдвайзерлері: Күнслу Тусубекова, Айнұр Садреймова, Айнұр Дуйсембаева, Саулет Тукебаева, Нұрғайша Кудушева, Перизат Дауткалиева. №2 аралық бақылау алдында, мамыр айында басталатын емтихан сесиясына байланысты әр топта «Академиялық адалдық» кодексі тақырыбында жиналыстар өткізілді.

 

Эдвайзерлер студенттерге 5,6 пунктегі: академиялық әділетсіздік түрлері, академиялық адалдық саясатын бұзушылыққа қарсы қолданылатын жазалар мен тәртіп шараларына басты назар аудару қажеттілігі айтылды. Жиналыс көріністері мен нәтижелері суреттер мен видеоларда көрсетілген. Толық деректер болу үшін «Академиялық адалдық» кодекс кітапшасының сканерленген нұсқасының 1-7 беттері, студенттердің WhatsApp желісіне жіберілді, сонымен қатар жүргізілген жиналыстан кейін, №3 хаттама 30.04. 2019 ж. толтырылып, танысу парағына студенттердің қолдары қойылды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу