қазақша · русский · english
 
 
 
06.05.2019

Цифрлық білім беру жүйесі - әлемдік тренд

 

3 мамырда Педагогика және психология институтында Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және магистранттар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырған іс-шарасына қатысты.

 

Іс-шара барсысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кітапхана директоры Нұргүл Имансыздықова университеттің кітапхана қорындағы бар әдебиеттерден барлық мамандық бойынша барлық пәндерден тізім және кітапхана Қазақстанның және әлемдік білім беру кеңістігіндегі көптеген ЖОО-мен келісім-шарт жасалғанын, әрбір оқытушыға кітапхана қызметін пайдалануға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, әрбір оқытушы мен студентті базаға кіруге үйрететін, ҚазҰПУ-дың автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Айжан Атантаеваның көмегіне жүгіну керектігі айтылды.

 

«Эпиграф» кітапханасының өкілдері сөз сөйлеп, оқытушыларға интерфейс арқылы студенттердің жұмыс нәтижесін 5 минутта қадағалауға болатын электронды және мультимедиялық оқулықтардан тұратын, Қазақстан бойынша әдебиеттер жинағының арсеналын көрсетті.

 

   

 




Кері оралу