қазақша · русский · english
 
 
 
23.05.2019

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы кездесу

 

21 мамырда ҚР Алматы Ішкі істер бөлімі Cыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, іс-шаралар жоспарының тармақшаларын іске асыру аясында антикоррупциялық тақырыпта кездесу ұйымдастырды. Аталған кездесуге Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Сатова және аға оқытушы Саулет Тукебаева қатысты. Кездесу барысында профессор Ақмарал Сатова «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылды алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Бұл өзекті тақырыпты талқылай отырып, ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасауға ұсыныстар жасалды.

 

 




Кері оралу