қазақша · русский · english
 
 
 
17.06.2019

«Студенттердің педагогикалық қызметке психологиялық дайындығын зерттеудің заманауи әдістері» ғылыми семинары

 

2019 жылдың 12-13 маусымында «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасында Абай атындағы ҚазҰПУ қаржыландыратын зерттеу жобасы бойынша «Студенттердің педагогикалық қызметке психологиялық дайындығын зерттеудің заманауи әдістері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинарға ҒЗУ «Экономика жоғары мектебі» Білім беру институтының, білім беру сапасын мониторингтеу орталығының директоры Елена Карданова (РФ, Мәскеу), аталған орталықтың зерттеуші-тағылымгері Андрей Самодерженков, кафедраның жас оқытушылары мен магистранттары белсенді қатысты. Семинарға қатысушыларға Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмухамбетов алғы сөз айтып, ілтипатын білдірді. Семинар барысында студенттердің педагогикалық қызметке психологиялық дайындаудың негізгі тәсілдері мен оларды диагностикалаудың заманауи құралдары талқыланды. Тәжірибелік зерттеуді өткізуге байланысты сыналушыларды құрудың талаптары айқындалды.

 

   

 

  




Кері оралу