қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.06.2022

Abai University халықаралық QS WUR рейтингте нәтижесін жақсартты

 


 

Әлемдік университеттер рейтингісінде Қазақстаннан 16 жоғары оқу орны қатысып отыр.


QS World University Rankings - 2023 (QS WUR) халықаралық рейтингісінің нәтижелері жарияланды, онда Abai University өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда 40 тармаққа жоғарылап, 511-520 орынды иеленді. Рейтингке барлығы 2462 университет қатысып, оның ішінде 1422 университет сараланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 

QS WUR рейтингісі университеттердің беделін зерттеуге бағытталған. Әдістеме 8 бағалау критерийіне негізделген, оның 4-і бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ оң үрдіс көрсетті:

- Академиялық бедел (Academic Reputation) - бір жыл ішінде 90 тармаққа көтеріліп, 444 нәтижемен әлемнің 500 жетекші университетінің қатарына енді.

- Жұмыс берушілер арасындағы бедел (Employer Reputation) - бұл көрсеткіш дәстүрлі түрде жоғары болып табылады және 501+ деңгейінде қалды.

- Оқытушылар мен студенттер санының ара қатынасы (Faculty Student) - ең жақсы көрсеткіштердің бірі - 261.

- ПОҚ-дағы шетелдік оқытушылардың үлесі (International Faculty) - бұл көрсеткіш 19 тармаққа көтеріліп, 422 деңгейге сәйкес келеді.

 

Қалған 4 критерийге рейтинг құрастырушылар 601+ деген баға берді, оның ішінде даму мүмкіндігі бар зерттеу бөлімі.

- Бір оқытушыға шаққандағы дәйексөздер индексі (Citations per Faculty) 601+ құрайды.

 

Бұл көрсеткіш университеттердің ғылыми әсерін бағалауға бағытталған. Дәйексөздер зерттеулердің әлемдік академиялық қоғамдастықта мойындалғанын білдіреді. Зерттеу қаншалықты көп дәйексөз алса, соғұрлым оның әлемге әсері жоғары болады. Университетте неғұрлым көп сілтеме жасалған мақалалар болса, оның ғылыми ықпалы мен беделі соғұрлым жоғары болады. Ғылыми еңбектердің дәйексөз индексі соңғы 5 жылдағы мәліметтерді ескере отырып, Scopus (Elsevier) халықаралық библиометриялық деректер базасы негізінде бағаланады.

 

Айта кетсек, Абай университеті 2014 жылдан бастап QS World University Rankings беделді рейтингіне қатысып, бірте-бірте тұрақты өсуді көрсетіп келеді.

Ағымдағы жылдың нәтижесі бойынша, университет әлемнің үздік 500 жетекші университеттерінің қатарына кіруге, тағы бір сенімді қадам жасады.

 


09.06.2022ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz