қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
10.06.2022

«Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары

 


 

2022 жылдың 9 маусымында «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ үздік оқытушысы» университетішілік конкурсы аяқталды. Қатысушылардан құжаттарды жинау 2022 жылдың 30 наурызынан бастап жүргізілген болатын.

 

Конкурстың мақсаты - педагогикалық ұжымның жоғары жетістіктері мен заманауи инновациялық оқыту әдістері мен технологияларын меңгеруін анықтау, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу. Конкурсқа барлығы 18 қатысушы, оның ішінде 5 команда қатысты. Конкурс 5 номинация бойынша өткізілді. «Абай атындағы ҚазҰПУ тәжірибесімен бөлісу» номинациясы бойынша - Жәмила Аққасынова, Гульдина Камалова, Махаббат Ревшенова, Үміт Базарбаева; «Инновациялық педагогикалық өнер» номинациясы бойынша - Алмагүл Айтпаева, Светлана Конева, Жанарка Ибраева; «Ғылыми зерттеулер мен оқытудың интеграциясы» номинациясы бойынша - Забира Мырзатаева, Светлана Белоус; «Цифрлық педагог» номинациясы бойынша - Марфуға Әбсатова; «Оқу үрдісіне ұлттық құндылықтарды интеграциялау» номинациясы бойынша - Құрышұлы Ермахан, Айбек Амангельдин, Дарманбек Наурызбаев, Қасым Сейдуалы жеңімпаз атанды.

 

 

10.06.2022ж.
Ақпарат көзі:
bilimdinews.kz

 



96

Кері оралу