қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
10.06.2022

Абай университетінде үздіктер анықталды




Кеше, 9 маусымда «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ үздік оқытушысы» университет ішіндегі конкурс аяқталды. Педагогикалық ұжымның жоғары жетістіктері, заманауи инновациялық оқыту әдістері мен технологияларын меңгеруін анықтау, ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу мақсатында өткен байқауға барлығы 18 қатысушы, соның ішінде 5 команда қатысты.


Байқау қорытындысы бойынша бес номинацияның үздіктері анықталды. Атап айтқанда, «Абай атындағы ҚазҰПУ тәжірибесімен бөлісу» номинациясында Жәмила Аққасынова, Гульдина Камалова, Махаббат Ревшенова, Үміт Базарбаева; «Инновациялық педагогикалық өнер» номинациясында Алмагүл Айтпаева, Светлана Конева, Жанарка Ибраева; «Ғылыми зерттеулер мен оқытудың интеграциясы» номинациясында Забира Мырзатаева, Светлана Белоус; «Цифрлық педагог» номинациясында Марфуға Әбсатова; «Оқу үрдісіне ұлттық құндылықтарды интеграциялау» номинациясында Ермахан Құрышұлы, Айбек Амангельдин, Дарманбек Наурызбаев, Қасым Сейдуалы топты жарды.

 


10.06.2022ж.
Ақпарат көзі:
qazaq1913