қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.06.2022

Абай университеті Абай еліне саяхаттайды!


2022 жылдың 20-25 маусымда «Жаңа Қазақстан» мемлекеттік идеяларын қолдау мақсатында «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер», «Қазақстанның киелі географиясы» бағыттарына сәйкес, Абай облысының білім беру және мәдени ошақтарымен рухани хәм мәдени ынтымақтастығын нығайту үшін, білім алушы жас зерттеушілер мен оқытушы-педагогтарға арналған «Абай еліне саяхат» танымдық-мәдени экспедициясы жобасын өтеді.

Экспедицияның мақсаты - аймақаралық білім берудің өзара заманауи білім мен мәдени ынтымақтастығын орнату, мемлекеттік бағдарламалардың білім беру мазмұнында өндірістік-әдістемелік білім тәжірибелерімен ауысу, жас мамандардың интеллектуалдық-рухани әлеуетін арттыру, рухани дүниетанымы мен шығармашылығын күшейту, өзара өлкетану мен тұлғатану рухани қозғалысының дамуына үлес қосу болмақ.


Экспедиция жоспары бойынша қырықтан астам қатысушы Абай облысы Семей қаласының мәдени-рухани ошақтары мен жоғары оқу орындарында, Абай ауданы «Жидебай-Бөрiлi» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы аумағын 21-24 маусым аралығында аралайды. Жазғы танымдық сапар барысында жергілікті өлкенің бай тарихы мен қасиетті рухани құндылықтарымен кеңінен танысу бағдарламасы негізінде өтеді.

 

  alt=  

 

  alt= 

  alt= 

  alt= 

  alt= 

  alt= 

 

 

«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі