қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.06.2022

«Функционалдық ғылыми сауаттылық негіздері» біліктілікті арттырудың онлайн-курсы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Оқытушылық шеберлік орталығы мен «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы бірлесе отырып 2022 жылдың 8-23 маусымы аралығында «Bilim zhane Bolashak» халықаралық ғылыми-білім беру жоба қатысушылар және ЖОО оқытушыларға арналған «Функционалдық ғылыми сауаттылық негіздері» тақырыбындағы 80 сағаттық онлайн біліктілікті арттыру курстарды ұйымдастырды. Дәріскер - Исалиева Сауле Темирбаевна, журналдың жауапты хатшысы.


Курс бағдарламасы С.Т.Исалиеваның диссертациялық зерттеу аясында әзірленген және функционалды ғылыми сауаттылық, ғылыми мәтіннің эргономикасы, ғылыми дерек көздерімен жұмыс істеудің теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды.


Курс тыңдаушылары күрделілігі әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындады, олардың бірі С.Т.Исалиева модераторы болып табылған республикалық конференция жинағында жариялау үшін мақала дайындады. Курста алынған біліктіліктерге сәйкес келетін үздік жұмыстар жинаққа орналастырылады, бұл «Функционалдық ғылыми сауаттылық негіздері» онлайн-курсының қажеттілігінің де, практикалық бағытының да көрінісі болып табылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  



356

Кері оралу