қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.07.2022

Жазғы мектеп - 2022

 

2022 жылдың 27-29 маусымы аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жазғы мектеп» өткізілді.


Жазғы мектептің мақсаты: Академиялық саясат пен ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттілікті дамыту.


28 маусым күнгі сессияны Білім беру бағдарламаларын жобалау департаменті директоры, э.ғ.к., А.М.Байдильдина «Студенттерге бағытталған оқыту» тақырыбымен ашты. Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Н.Т.Ошанова STEM технологияларының озық түрлеріне талдау жасап, оның құндылығы мен маңыздылығын атап көрсетті, жаратылыстану және география институтының академиялық комитетінің төрайымы, п.ғ.к., доцент Ш.Ш.Карбаева заманауи білім берудің жаһандық тенденцияларын, болашақ мұғалімді даярлау процесіндегі білім беру моделінің құзыреттілігін атап көрсетсе, Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., Ш.Т.Нурман «Зерттеуге негізделген педагогикалық білім беру» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.


29 маусымда Жазғы мектеп сессиясының жұмысында қарастырған мәселелер ғылыми аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды, атап айтақ: т.ғ.к., доцент Ш.И.Хамраев «Білім беруді ақпараттандыру және мұғалімдердің цифрлық құзырлылығын дамыту»; п.ғ.к., З.Ж.Рабилова «Конструктивті үйлестіруші принципі бойынша жобалау»; аға оқытушы PhD Д.М.Нурбаева «Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL)»; магистр, аға оқытушы Н.Төлегенұлы «Мұғалімдердің кәсіби дамуы және өзгерістерді басқару»; магистр, аға оқытушы Е.А.Жалмагамбетов «Пәнаралық оқыту».


Гибридтік форматында өткен Жазғы мектеп сессиясына институт директорлары және институт директорларының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=