қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.07.2022

Хазар университеті және Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдерімен кездесу

 

2022 жылдың 19 шілдесінде онлайн форматта Хазар университеті және Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогикалық шеберлік орталығының басшысы Р.Ж.Турмагамбетов, Педагогика және психология институтының директоры Г.А.Абаева, «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторының орынбасары мен жауапты хатшы Ә.Ә.Момбек және С.Т.Исалиева қатысты.


Хазар университеті 2022 жылдағы QS Emerging Europe & Central Asia University Rankings рейтингіне енгізілген, «Халықаралық факультет» кластеринде 16-шы орынға ие болды және «Мақалалар сілтемелер» сегментінде аймақта 9-шы орынды растады. Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы келісім бар, бірлескен ғылыми шаралар өткізілуде.


Кездесу барысында университеттер туралы ақпарат берілді, ынтымақтастық және халықаралық тағылымдамалар, бірлескен біліктілікті арттыру курстары, профессорлық-оқытушы құрамы мен білім алушыларға арналған жазғы мектептер ұйымдастыру туралы перспективалар қарастырылды.

 

  alt=