қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.07.2022

Абай университетінің бес ғалымы еліміздің ТОП-50 үздік оқытушыларының қатарына енді


Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары «Қазақстан Республикасының сұранысқа ие жоғары оқу орындары - 2022» ұлттық рейтингінде ТОП-50 үздіктер қатарына енді. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жыл сайын өткізетін АРТА рейтингі биылғы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғары оқу орындары үшін білім сапасын арттыруға бағытталған жалғыз рейтинг болып табылады және жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілікті арттыру және білім беру сапасын арттыру жөніндегі күш-жігерінің табыстылығының көрсеткіші.


Мәселен, біздің университеттің 5 оқытушысы өткен жылдың көрсеткіштерін жақсарта отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингінің ТОП-50 ғалымдарының қатарына кірді. Олар - В.Н. Косов, Е. А. Бөрібаев, А. С. Бердышев, Ж. А. Хамзина және Б. С. Ахметов.

Құттықтаймыз және ғылыми жұмыста табыс тілейміз!

 

  alt=     alt=  

 

  alt=   



436

Кері оралу