қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.09.2022

Шағын футболдан турнир

 

2022 жылдың 24 қыркүйек күні Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен студенттерге арналған институт аралық шағын футболдан турнир өтті. Турнирді салтанатты түрде университеттіміздің әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Турнирге 16 команда қатысып, өзара тартысты ойын өткізді. Турнир нәтижесі бойынша 1 орынды Өнер, мәдениет және спорт институтының «Абай» командасы иеленіп, 2 және 3 орынды Математика, физика және информатика институтының «5 жатақхана» және «Аутсайдер» командалары қанжығаларына байлады.

 

  alt=