қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.10.2022

Кітапхана ресурстары жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған


2022 жылдың 14 қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағатталған кітапхананың деректік қорлары» тақырыбында вебинар болып өтті.


Вебинарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кітапхана директоры Нұргүл Имансыдыкова, постдокторант PhD Жәзира Жұмабаева, Oxford University Press халықаралық баспасының лекторы Кэтрин Стейплс, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кітапханасы ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Айжан Атантаева кітапхананың деректер қорлары жөнінде өз баяндамаларын жасады.

 

Oxford University Press халықаралық баспасының лекторы Кэтрин Стейплс Oксфорд университетінің ғылыми кітапханасына виртуалды шолу жасап, кітапхананың жас ғалымдар үшін мүмкіндіктерін түсіндірді.

 

Ғылыми кітапхана директоры Нұргүл Имансыдыкова кітапхананың анықтамалық іздеу аппаратына толық шолу жасап, библиографиялық ресурстарға қолжетімділік мүмкіндіктеріне тоқталды.

 

Атантаева Айжан www.library.kaznpu.kz сайтындағы электронды кітапхана базаларының ерекшеліктеріне тоқталды.

 

Постдокторант Жұмабаева Жәзира ғылыми кітапхананың электронды каталогтарына талдау жасады. Жас ғалымдардың цифрлы технология дамыған уақытта университет ұсынып отырған электронды ғылыми кітапханаларды оқыту үдерісінде, ғылыми зерттеу жұмыстарын жазу барысында негізге алуына үндеу тастады.

 

Вебинар қатысушылары баяндама барысында туындаған сұрақтарына тікелей жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=