
Негізгі бет
Жаңалықтар
18.10.2022
Кітапхана ресурстары жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған 2022 жылдың 14 қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағатталған кітапхананың деректік қорлары» тақырыбында вебинар болып өтті.
Oxford University Press халықаралық баспасының лекторы Кэтрин Стейплс Oксфорд университетінің ғылыми кітапханасына виртуалды шолу жасап, кітапхананың жас ғалымдар үшін мүмкіндіктерін түсіндірді.
Ғылыми кітапхана директоры Нұргүл Имансыдыкова кітапхананың анықтамалық іздеу аппаратына толық шолу жасап, библиографиялық ресурстарға қолжетімділік мүмкіндіктеріне тоқталды.
Атантаева Айжан www.library.kaznpu.kz сайтындағы электронды кітапхана базаларының ерекшеліктеріне тоқталды.
Постдокторант Жұмабаева Жәзира ғылыми кітапхананың электронды каталогтарына талдау жасады. Жас ғалымдардың цифрлы технология дамыған уақытта университет ұсынып отырған электронды ғылыми кітапханаларды оқыту үдерісінде, ғылыми зерттеу жұмыстарын жазу барысында негізге алуына үндеу тастады.
Вебинар қатысушылары баяндама барысында туындаған сұрақтарына тікелей жауаптарын алды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|