қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2021

«Қазақ халқының Ұлы ұлы, ақын Жамбыл Жабаев» интеллектуалды онлайн ойыны


2021 жылдың 26 қарашасында педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ «8D01901 - Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанттары Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған Ресей, Корея және Монғолия елдерінен шақырылған қонақтардың қатысуымен «Қазақ халқының Ұлы ұлы, ақын Жамбыл Жабаев» интеллектуалды онлайн ойын өткізді.

 

 Іс-шараға қатысушылар Қазақстан жастарын тәрбиелеуде патриоттық және рухани дамуын бағалады. Сондай-ақ, Санкт-Петербург магистранттары ұлы ақынның ескерткішіне барып, Ж.Жабаевтың өлеңдерін оқыды. Моңғолия қонағы моңғол тіліне аударылған өлең оқып, Кореялық жас әртіс автордың әнін орындады. Қазақстан Республикасының жетекші мамандары, дефектологтары мен логопедтері зияткерлік ойынға қатысушыларға бейне сұрақтар қойды. Онлайн ойынға «Арнайы педагогика» мамандығының магистранттары белсенді қатысып, олар әріптестерінің сұрақтарына жауап беріп, ақын шығармашылығының рөлі туралы талқылады. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, іс-шараға қатысушыларға блиц-сауалнама ұсынылды, онда әркім өзінің зияткерлік әлеуетін көрсете алды. Блиц-сауалнама қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ мен Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері жоғары баға алды.

 

   

 

   




Кері оралу