қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2023

«Академик Т.С.Садықовтың туғанына 85 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

2023 жылыдың 20 қазанында педагогика және психология институты арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Т.Ж.Байдильдинов және 1-2 курс докторанттары «Академик Т.С.Садықовтың туғанына 85 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел (онлайн және офлайн форматта) ұйымдастырды.

 

Баяндамашылар ретінде сөйлеген 2 курс докторанттары А.Таласбек, А.Кикбанова, З.Жүсіпбекова қатысушыларға академик Т.С.Садықовтың өмірі мен ғылыми қызметі, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі туралы айтып берді. Дөңгелек үстелге қатысқан кафедра ПОҚ академик Т.С.Садықов туралы естеліктерімен бөлісті

 

Модератор Г.Ж.Ержанова іс-шараға белсенді қатысқаны және мазмұнды баяндамалары үшін қатысушыларға алғысын білдірді.. Қатысушылар өз кезегінде үлкен танымдық және тәрбиелік маңызы бар іс-шараны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

 




Кері оралу