қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2024

79-шы ғылыми-практикалық конференция


2024 жылғы 18 және 19 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті арнайы педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер мен магистранттар арасында онлайн және офлайн форматта 79-шы ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференцияға «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының барлық бағыттары бойынша студенттер мен магистранттар қатысты.

 

Конференция аясында алты секция жұмыс істеді, онда конференцияның барлық қатысушылары өздерінің ғылыми зерттеулерінің тақырыптары бойынша баяндамалар жасады. Баяндамаларда заманауи арнайы педагогикалық білім берудің маңызды және өзекті мәселелері қозғалды. Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндама жасаған білім алушыларға орындар берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу