қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.04.2017

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар...

       2017 жылдың 6-7 сәуірінде Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің базасында ІХ Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада 3 кезеңге бөлініп жүргізілді:
І кезең - эссе.
ІІ кезең - тіл теориясы мен әдеби-теориялық сұрақтарға және ағылшын тіліндегі тапсырмаларға жауап беру.
ІІІ кезең - тест тапсырмаларына жауап беру.
         Еліміздің 22 жоғары оқу орнынан келген үздік студенттердің арасынан оқ бойы озып шыққан Филология және көптілді білім беру институты «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттері Аманбаев Сұңғат, Құлбек Алтынай және Сансызбай Гүлзат І дәрежелі дипломды иеленді.
       Үздік шыққан топ студенттерін «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» кафедраларының білімді де білікті, тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы дайындады. Атап айтатын болсақ, әдістеме мәселелері мен эссе жазудан - кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., доцент Ж.Т.Дәулетбекова, қазақ тіл білімі мен тіл теориясы мәселелерінен - ф.ғ.д., профессор Б.Қасым, ф.ғ.к., доцент М.Ә.Жүнісова, магистр-аға оқытушы А.Н.Юсуп, әдебиеттану және көркем мәтінді талдаудан - ф.ғ.д., аға оқытушы А.В.Таңжарыкова, ал қазақ тілі салалары бойынша кешенді тілдік талдаудан - ф.ғ.к., аға оқытушы Н.С.Әміржанова, магистр-оқытушылар Ж.С.Аширов пен М.А.Иманқұлова кеңес берді.

 

Филология және көптілді білім беру институтының директоры Б.Әбдіғазиұлының жеңімпаздарды құттықтау сәті