Ғылым | Ғылыми басылымдар
Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми журналдарының сайты Абай атындағы ҚазҰПУ-да 15 ғылыми журнал шығарылады. 2021 жыл бойынша: - DOI журнал нөмірлерін алу үшін CrossRef өкілдерімен шартқа қол қойылды (29.01.2021 ж. № 09-12 / 20-28); - журналдардың жеке веб-сайттарын әзірлеу бойынша мемлекеттік қызметтерді сатып алуға қаражат бөлінді (6 млн. 664 мың теңге, 06.04.2021 ж. № 21/2/24 қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт); - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми журналдарын ҚазДБ ақпараттық базасына енгізу үшін ҰМҒТСО АҚ-мен (30.04.2021 ж. №35) шарт жасалды; - ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын жаңа талаптарға сәйкес журналдарға мониторинг жүргізіледі; - жаңа талаптарға сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы/Вестник журналдарының редакциялық алқасының құрамына өзгерістер енгізілді. Сонымен, Хирш индексі бар редакциялық алқаның шетелдік мүшелері: «Филологиялық ғылымдар» сериясы - 48%; «Тарихи және әлеуметтік-саяси ғылымдар» сериясы - 52%; «Психология» сериясы - 27%; «Физика-математикалық ғылымдар» сериясы - 43%; «Педагогикалық ғылымдар» сериясы - 50%; «Социологиялық және саяси ғылымдар» сериясы - 47%; «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы - 47% құрайды.
Төмендегі ғалымдарымыз шетелдік ғылыми журналдардың редколлегия мүшелері және сарапшылары болып табылады: Е.А. Бөрібаев - Scopus базасына кіретін «Украина құқықтық ғылымдар академиясының жаршысы» журналының редакциялық алқасының мүшесі (Украина); С.Д. Абишева - келесі журналдардың редколлегия мүшесі: - «Polilog. Studia neofilologiczne» (Польша), - «Орынбор мемлекеттік университетінің хабаршысы» (Ресей), - «Przegląd Wschodnioeuropejski» журналының ғылыми кеңесінің құрамына кіреді (Ольштынадағы Варминь-Мазур университеті, Польша); Л.В. Сафронова - редколлегия мүшесі және рецензент: - Thomson Reuters базасына кіретін «Cuadernos de Rusística Española» журналының ғылыми кеңесі, - Scopus базасына кіретін «Przegląd Wschodnioeuropejski» (Польша) ғылыми журналының рецензенті, - Свече лингвистика-техникалық университетінің «Гуманистика ХХІ» жыл сайынғы монографиясы редакциялық алқасының мүшесі (Пшасныш қ., Польша) ; М.Ш. Мұсатаева - «Acta Polono-Ruthenica» редакциялық алқасының мүшесі (Ольштынь қаласындағы Варминь-Мазур университеті, Польша); В.Н. Косов - «Халықаралық Ғылым академиясы (Орыс сериясы)» журналының редколлегия мүшесі, «Вестник МГОУ» журналының (Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті) ғылыми жарияланымдарының сарапшысы; А.А. Момбек - редколлегия мүшесі: - Index Copernicus, Google Scholar ғылымиметрикалық мәліметтер базасына кіретін «Теоретико-методичні проблеми виховання дітей та учнівской молоді» журналы (Украина), - «Психология развития и образования» қолданбалы зерттеулер журналы (Ресей), - «Гірска школа Украінских Карпат» журналы (Украина), - «Interkulturelle Weiterbildungsgesellschaft e.V.» (Германия) журналының ғылыми редакторы. А.Қ. Сатова -Google Scholar ғылымиметриялық мәліметтер базасына кіретін «М.П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы. Психологиялық ғылымдарсериясы» журналының ISSN 2412-9968 (басып шығару), ISSN 2707-8450 (online)редакциялық алқасының мүшесі (Украина). М.А. Асылханова-Google Scholar ғылымиметриялық мәліметтер базасына кіретін «М.П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы. Психологиялық ғылымдар сериясы» журналының ISSN 2412-9968 (басып шығару), ISSN 2707-8450 (online)редакциялық алқасының мүшесі (Украина).
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|