қазақша · русский · english
 
 
 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйесінің болуы туралы ақпарат

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Антиплагиат-Қазақстан.ЖОО» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

 

Бұл жүйеде барлық бітіру жұмыстары плагиатқа тексеріледі. Білім алушы өзі «Универ» жүйесі арқылы «мәтінді пайдалануды анықтауға» өз жұмысын тексереді. PhD докторанттар диссертациялық жұмысын аяқтап, кафедраның кеңейтілген отырысында талқылаудан өткеннен кейін осы жүйе арқылы тексеру тәртібінен өте алады.

 

«ҚазҰПУ-дың диссертациялық кеңес туралы Ережесіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген «Диссертациялық Кеңес туралы типтік ережеге» (14.06.2024 жылғы №294 бұйрықпен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) сәйкес Диссертациялық Кеңес қорғауға қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде докторанттың отандық және халықаралық дерекқорлар бойынша мәтінді пайдалануды анықтау үшін диссертацияны АҚ «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына» жібереді.