қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.01.2023

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттары табысталды

 

2023 жылдың 25 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылдың жұмыс қортындысы бойынша үздік нәтиже көрсетті деп тапқан университет қызметкерлерін марапаттады.


Жиынға стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, зерттеу қызметі жөніндегі проректор Еермек Бөрібаев, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Жарасова, институт директорлары мен басқарма жетекшілері қатысты.


Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен А.Аутаева, Ш.Колумбаева, Ж.Хамзина марапатталса, отандық білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосып, еліміздің өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Қ.Бисембаев, Л.Жүнісова, Р.Рахметова, К.Жантілеуов, М.Төлегенова Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасына ие болды. Сондай-ақ, отандық білімнің абырой-беделін көтеру жолындағы жемісті еңбектері үшін О.Жәкішева, Э.Әбишева, Д.Исабаева, Ж.Бітібаева, К.Бейсембаева, С.Исалиева және Қ.Тасболатова министрдің алғыс хаттарымен атап өтілді. Алдағы уақытта бұдан да биік межені бағындыру жолында аянбай еңбек ете берулеріне тілектестік білдірілді.


Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, қызықты идеялар және еліміздің өркендеуі жолындағы шығармашылық ізденістерінің жемісті болуын тілейміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті