қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.01.2023

«Social Media Skills» интенсиві бастау алды


2023 жылдың 26 қаңтарында Абай университетінде жастар арасында әлеуметтік желілерде сапалы контент құруды насихаттау, заманауи технологияларды толық игеруге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған «SOCIAL MEDIA SKILLS» 2 күндік интенсивінің бірінші күні басталды.


Іс-шараға университет ректоры Дархан Біләлов қатысып, студенттерге сәттілік тілеп, интенсивті ашық деп жариялады.


Екі күнге жалғасатын интенсивтің алғашқы күні студенттерді ораторлық өнерге, дауыс ырғағын пайдалану арқылы ақпарат жеткізуге баулу үшін Ораторлық шеберлік бойынша шеберлік сабағы бастау алды. Аталмыш бағытты «Сахна тілі» курсының авторы, театр және кино актері Нұрлан Сағынаев жүргізді. Сондай-ақ, студенттердің актерлік шеберлігін шыңдап, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау мақсатында театрдың арнайы педагогы Ашим Ахметов шеберлік сабағын өткізді.


«SOCIAL MEDIA SKILLS» интенсивінің екінші күні мобилография негіздері және ұлттық сана және құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы дәріспен жалғасын табатын болады.


Іс-шара қорытындысы бойынша оның қатысушылары жобалық жұмысты 1,5-2 минуттық бейнеролик түрінде өткізетін болады. Шығармашылық жұмыстар байқау түрінде бағаланып, ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жүлде қоры: I-ші орын - 100 000 теңге, II-ші орын - 75 000 теңге, III-ші орын - 50 000 теңге.


Жобалық жұмыстарды университет оқытушыларынан құралған арнайы комиссия бағалайды.

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

  alt=