қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жыл сайын білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингтерге қатысады:

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қажет етілу рейтингі (IAAR)

2. Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің IQAA-Ranking білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингі

3. «Атамекен» ҚР ҰКП Білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингі

 

Рейтингтер жоғары білім беру жүйесін басқарудың маңызды құралы, жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін бағалауға, университеттердің маркетингін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технология болып табылады. Бастапқыда қоғамды жақсырақ ақпараттандыру үшін пайдаланылған университеттердің рейтингтері қазіргі уақытта олардың сапасының көрсеткіші ретінде қарастырыла бастады. Бұл оқу орындары арасында қатал бәсекелестікке түрткі болды, рейтингтер оқу орындарының басшылығы, олардың оқытушылары, ғалымдары, студенттері мен саяси қайраткерлер қабылдаған шешімдерге әсер ете бастады.

Білім беру бағдарламаларының рейтингтері студенттерге, ата-аналарға және жұмыс берушілерге университетті таңдауға, сондай-ақ оның беделін, білім беру сапасын, студенттердің дайындық деңгейін, ғылыми зерттеулерді және білім беру процесінің басқа да маңызды аспектілерін бағалауға көмектеседі.