қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.01.2023

А. Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтындағы өндірістік практика

 

Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасы «6В05301 - Химия» мамандығының 4 курс бітіруші түлектері аға оқытушы Нұргүл Шадиннің жетекшілігімен Ә.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтында өндірістік практикадан өтуде.


Ең алдымен институттың техникалық қауіпсіздігінің жауапты маманы Ерлан Джахметов студенттерді қауіпсіздік ережелермен таныстырды. Студенттер бірнеше химиялық зертханалардың қызметімен танысты.


Практиканттар дипломдық жұмыс тақырыптары бойынша өз зерттеулерін келесі зертханаларда жүргізеді:


1. «Полимерлер синтезі және физикохимиясы» зертханасы, зертхана меңгерушісі - профессор Талкыбек Жұмаділов;


2. «Мұнай химиясы және мұнай химиялық синтез» зертханасы, зертхана меңгерушісі - профессор Қайрат Қадырбеков;


3. «Ион алмастыргыш шәйірлар мен мембраналар» зертханасы, ертхана меңгерушісі - профессор Несіпхан Бектенов;


4. «Синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы» зертханасы, ертхана меңгерушісі - оқытушы Асем Узакова,


5. «Тыңайтқыштар және тұздар химиясы» зертханасы, зертхана жетекшілері - т.ғ.к. Раушан Қайынбаева және х.ғ.к. Замира Баяхметова.


Ғылыми бағыттағы студенттер өндірістік практикада ғылыми тәжірибеден өтуде және өздерінің дипломдық жоба тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.

 

  alt=  

 

  alt=