қазақша · русский · english
 
 
 
 Джамилова Сауле Мэлскызы
Мансапты дамыту бөлімінің жетекшісі
Аға оқытушы, Магистр
Қазыбек би көшесі, 30
 8-775-432-55-23
sauka70@mail.ru

 Камиева Гулжанат Сейткамалқызы
Мансапты дамыту бөлімінің менеджері
Аға оқытушы, Магистр
Қазыбек би көшесі, 30
 8-707-245-55-02
kamiyevags@mail.ru

 

Бөлімнің мақсаты:
Институт түлектерін, педагог қызметкерлері мен басқа да қызметкерлерін кәсіби-біліктілік және әлеуметтік жағынан жоғарылату траекториясын зерттеу;
Институт түлектері мен қызметкерлерінің жеке және кәсіби өсуі үшін жағдай жасау;
Институт түлектерінің еңбек нарығындағы ұтқырлығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Білім беру қызметі саласындағы барлық субъектілердің қатысуымен әлеуметтік әріптестік жүйесінің шеңберін кеңейту, «Мектеп-ЖОО-Жұмыс беруші» жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар мен тетіктерді әзірлеу.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:
Педагогикалық еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты зерделеу, оларды университет түлектеріне ұсыну;
Педагогикалық кадрларды мақсатты түрде даярлаудың аймақтық, республикалық бағдарламасын жетілдіру, тағылымдамалық практиканың сапасын арттыру және оны өткізу жүйесін анықтау мақсатында еңбек нарығында түлектердің алға жылжуына ықпал ететін зерттеулер жүргізу;
Әлеуметтік әріптестік шеңберін кеңейту, институт түлектерін білім беру қызметінің барлық деңгейлерінде, Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналастыру мақсатында әртүрлі меншік нысанындағы білім беру қызметінің субъектілерімен, жергілікті мемлекеттік билік органдары - әкімдіктермен шарттық және әріптестік қатынастарды қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру;
Университеттің білім алушылар мен түлектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу үшін университеттің атқарушы билік органдарымен, білім беру, мәдениет мекемелерімен, оның ішінде өндірістік кәсіпорындармен өзара іс-қимылының жаңа нысандарын енгізу;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, мүдделер қақтығысын шешу саясатының, Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде талаптарын сақтау.

 

Бөлімнің қызметі:
Бөлім қызметкерлері: білім алушыларға, олардың жұмысқа орналасуы, тұлғааралық қарым-қатынастары, жеке өсуі және өзін-өзі анықтауы мәселелері бойынша кеңес беруге, кәсіби түйіндеме мен басқа да құжаттарды құрастыруға көмек көрсетеді;
Бөлім қызметкерлері: студенттер мен түлектерге мамандық таңдау шарттары, кәсіби қызмет бағыты, мансапты жоспарлау, жеке бизнес жобасын құру, жобалау бағыттарын анықтау туралы ғылыми кеңес береді;
Білім алушыларды қосымша білім берудің оқу бағдарламаларының мазмұнымен және кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары туралы анықтамалық материалдармен таныстыруға, өз қызметі, университет сайтындағы және «Мансап» стендтеріндегі бөлім қызметі туралы түйіндеме мен жарнама орналастыруға, институт кеңестерінде бөлім қызметінің бағыттарын жариялауға бағытталған қызметті жүзеге асыру міндеті жүктеледі;
Университет басшылығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ықтимал немесе орын алған бұзушылықтары, мүдделер қақтығысын шешу саясаты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері немесе инциденттер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптары туралы ақпараттандыру жөніндегі саясатты қолдайды.