қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.02.2023

«Ғылыми зерттеудің әдіснамасы. Ғылыми мақаланы жазу» вебинары


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Білім беру бағдарламаларын жобалау департаменті мен Ғылым департаменті 2023 жылдың 10-25 қаңтар аралығында «Bilim zhane Bolashak» Бірінші халықаралық ҒЗЖ байқауының қатысушылары мен ЖОО оқытушыларына арналған «Ғылыми зерттеудің әдіснамасы. Ғылыми мақаланы жазу» тақырыбында 72 сағаттық вебинар ұйымдастырды. Дәріскер - педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Сауле Исалиева.


Вебинар бағдарламасы С.Т.Исалиеваның диссертациялық зерттеу аясында әзірленген және ғылыми зерттеу жүргізуінің ғылыми ақпарат дереккөздерімен жұмыс істеу, халықаралық рецензияланатын журналға ғылыми мақала дайындаудың теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды.


Вебинар қорытындысы бойынша тыңдаушылар тапсырмаларды орындап, байқауға мақалалар ұсынды.

 

  alt=  

 

  alt=