қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.02.2023

Оқытушының жоғары жетістіктері - кафедра мақтанышы


2023 жылдың 6 ақпанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының кезекті жиналысы өтті. Күн тізбесінде бірнеше сұрақтар қаралды. Соның бірі бітіруші студенттердің дипломдық жобаларына жетекшілік ету. Кафедра меңгерушісі Жомарт Симтиков дипломдық жобалардың жазылу деңгейі мен сапасының маңыздылығы жөнінде ғылыми жетекшілерге нұсқаулық берді. Ғылыми жетекшілердің бітіруші түлектермен жұмыс жасау күнтізбесін ұсынуын талап етті.


«Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500 ғалым» жобасы бойынша Түркияның Анкара каласында орналасқан Хаджетеппе университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен кафедра оқытушысы, магистр Еркебұлан Ержановтың есебі тыңдалды. Шетелдік тағылымдамадан Еркебұлан Ержанов көптеген жетістіктермен оралды. «Хаджетеппе университетінің ең үздік шетелдік дәріскері», «Түрік әлемінің мәдениеті мен байланысына үлес қосқаны үшін» медальдарымен және бірнеше алғысхаттармен марапаттауларға ие болып қайтты. Еркебұлан Ержановты кафедра ұжымы құттықтай келе шығармашылық табыстар мен ғылыми ізденіс жолында жетістіктер тілейді.

 

  alt=  

 

  alt=