қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.02.2023

«Brain алаңы» зияткерлік-танымдық сайысы


2023 жылдың 2 ақпанында Абай университетінің Даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында және «Цифрлық еріктілер» жобасы аясында Жаратылыстану және география институтының «Qoldau» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиямен бірлесіп 10 сынып оқушылары арасында «Brain алаңы» зияткерлік-танымдық сайысын өткізді. Іс-шараны «Химия-биология» мамандығының 3 курс студенті Тахатбек Тлеулес жоғарыда аталған орта білім беру мекемесінде педагогикалық тәжірибеден өту кезінде ұйымдастырды.

 

«Brain алаңы» сайысы оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттыруға, логиканы дамытуға, бәсекелестікті қалыптастыруға және көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталды. Жарысқа қатысушылар Университеттің имиджді заттарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаз командаларға дипломдар табысталды. Шара университетпен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өзара бірлескен жобалардың қатарын толықтырды.

 

  alt=  

 

  alt=