қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.03.2023

Мухтешем төрт жыл - тамаша уақыт


2023 жылдың 28 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасы «Шетел тілі: Екі шет тілі» (Түрік тілі) мамандығының 4-ші курс студенттері «Мухтешем төрт жыл -тамаша уақыт» концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Студенттер осы кафедраның түрік тілі пәні оқытушылары аға оқытушы Гүлназ Сәтбай, доцент Ерғали Есбосынов, PhD доктор Динара Ашимова, аға оқытушы Нұржамал Қоспағанбетованың шәкірттері. Мерекелі іс-шараның іске асуына Динара Ашимова жетекшілік етті.


Сонымен, биылғы оқу жылында оқу үдерісін аяқтап, педагогикалық тәжірибеге кетіп жатқан курс студенттері мен түлектері университетіне, ұстаздарына, достарына құрмет пен ілтипат білдірді. Түркі халықтарының ұлттық дәстүрлерімен байланысты шағын интермедиялар, сахналық көркем зерттеулер ұсынылды.

Салтанатты іс-шараға Филология институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Арман Абдықалықов, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жадыра Байназар мен Академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы Қарлығаш Мұханова, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Назым Қоңқабаева қатысты. Сонымен қатар университетіміздің «Түрік тілі» мамандығы бойынша 2010 жылғы түлектері, қазірде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары Венера Юлдашева және Асель Абдрасул қатысты. Студенттер түрік ұлттық тағамдарынан шағын фуршет ұйымдастырды. Пән мұғалімдері түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, естелік фотосуреттер түсіріп, қазақ және түрік тілдерінде ән орындады.

Концерттік бағдарлама ауқымды, қызықты және танымдық болды. Түлектердің «үлкен өмірге» деген ұмтылысын ұстаздар қолдап, сәттілік тіледі.

 

  alt=