қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.03.2023

Жастарға арналған заманауи кітап жарық көрді

 

2023 жылдың 1 наурызында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшілігімен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері «Меломан» кітап дүкені ұйымдастырған Ерқанат Әбени, Бауыржан Шурманов, Ербол Азанбек сынды авторлардың «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» кітабының таныстырылымына қатысты.

 

Таныстырылым барысында авторлар кітаптың өзіндік ерекшелігіне тоқталып, қалай тиімді инвестиция жасау керектігін және қазіргі жастар арасындағы қаржылай сауатсыздықты жою туралы біршама сөз қозғады. Кітап қазақи түсінікке негізделіп, қарапайым тілмен жазылған тұңғыш инвестиция туралы кітап екені айтылды.

 

Туынды авторлары бұл кітап коммерциялық емес, әлеуметтік жоба екенін атап өтіп, сол мақсатта Абай университетіне «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» кітабын сыйға берді. Сыйға тартылған кітаптар студенттердің бос уақытында оқу үшін ниверситетіміздің «Abai students center» коворкинг-орталығына қойылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  


«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі