қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.03.2012

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  Қазақстан Республикасы Ұлттық  Ғылым Академиясының академигі, Халықаралық  Жоғары мектеп академиясы, Қазақстанның «Экология» Халық және Қазақстанның  білім академиясының  академигі, Шоқан Уәлиханов атындағы  сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның  Жоғары мектебіне еңбегі сіңген  қызметкер, география ғылымының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі География және экология ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі, професссор Әлия Сәрсенқызы Бейсенованың 80 жасқа толған мерейтойына арналған «Тұрақты дамудағы география ғылымының өзекті және басты бағыттары» атты халықаралық  ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры Ж.Карамолдоев,  Ф.Скорин атындағы  Гомель мемлекеттік университетінің профессоры А.П. Пинчук және еліміздің М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінен Т.А. Терещенко, Семей мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры М.Е. Белгібаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры С.Р. Ердәулетов, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры Ж.Б. Шілдебаев қатысып баяндамалар жасады.

Конференцияны  университеттің Бірінші проректоры  М.Е. Ермағанбетов ашып, жүргізіп отырды.  Университеттің География-экология факультетінің деканы Орденбек Білісбекұлы Мазбаев академик Әлия Сәрсенқызының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Одан кейін сөз алған Семей мемлекеттік университетінің профессоры М. Белгібаев экология жайындағы баяндамасымен бастады. Жалпы конференцияда  тұрақты дамудағы  география  ғылымының өзекті және басты  бағыттары  жан-жақты әңгіме болды.

Ірі ғалым, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері  ретіндегі  өнеге тұтатын тұлға Әлия  Сәрсенқызының ұлы мерейтойына арналған бұл конференцияға  Алматы қаласының Ы.Алтынсарин атындағы 12 мектеп-гимназиясының  директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова және география институтының директоры Медеу Ахметқали құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдірді. Конференция секциялар бойынша әрі қарай жұмысын жалғастырды.   

   

Әлия Асмағұлова,

Абай атындағы  Қазақ  ұлттық

педагогикалық  университетінің

Баспасөз хатшысы