қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.03.2023

«Ең үздік жаратылыстану-математикалық бағыттағы кабинеті» қалалық байқауы


2023 жылдың ақпан айында Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің «Ең үздік жаратылыстану-математикалық бағыттағы кабинеті» мектеп кабинеттерінің (зертханаларының) қалалық байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушылар Алматы қаласы Білім басқармасының ТҚМҰО-мен бірге Жаратылыстану-география институтының биология кафедрасының оқытушылары (К.И.Батырова, Н.А.Бекенова, Ш.С.Шыныбекова) болды. Байқау қорытындысы 2023 жылдың 28 ақпанында университеттің бас ғимаратында шығарылды. Байқау жеңімпаздары тиісті номинация бойынша I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, қалған қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

 

  alt=