қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.03.2023

Ілеспе аудармашымен кездесу

 

2023 жылдың 1 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Филология институтының шығыс филология және аударма кафедрасының «Руханият» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен дипломатия саласындағы ілеспе аудармашы Жансая Жұмалиевамен кездесу өтті. Жұмалиева Жансая - 10 жылдық тәжірибесі бар ауызша аудармашы, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің докторанты. Мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларда жасалатын баяндамаларды ілеспе аударған білікті маман. Іс-шараға шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Назым Қоңқабаева, «6В02302-Аударма ісі» мамандығының оқытушылары қатысты.

 

Іс-шараның басты мақсаты - студенттерге тәжірибелі аудармашымен пікір алысып, сыни көзқараспен талдап, оны дұрыс қабылдай білу мүмкіндігін беру болды. Студенттер құнды мағлұматтар мен сұрақтарына жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=