қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.03.2023

Воркшоп (workshop) «Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім»

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты «Педагогика» кафедрасы 2023 жылдың 22 ақпаны мен 7 сәуір аралығында «Ұлттық тәрбие» пәні аясында 1 курс студенттерімен оқу іс-әрекетінің циклын жалғастыруда. Іс-шаралар оқушылардың ұлттық өзіндік санасын және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға бағытталған.

 

2023 жылдың 2 наурызда «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Таңатова А.Д. «Ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» кезекті воркшоп «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенттерімен (105-топ) өткізілді.


Іс-шараға академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Жарасова, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева қатысты.

 

Воршоптың негізгі мақсаты - педагогика ғылымын танымал ету және студенттердің жастардың рухани-адамгершілік дамуына, патриотизмді, ұлттық болмыс пен азаматтық борышты қалыптастыру мәселелеріне қызығушылығын арттыру.

 

Студенттер «Ұлттық тәрбие» пәнін оқу аясында азаматтық жауапкершілікті дамытуға және ұлттық кодты сақтауға бағытталған әлеуметтік эксперименттер, бейнероликтер жасауға қатысады. 2023 жылдың 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында студенттер дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен халық қаһармандары туралы сюжетті бейнероликтер мен комикстерді жасады.

 

  alt=  

 

  alt=