қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.03.2023

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері жеңіспен оралды

 

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ұйымдастырылуымен өткен Халықаралық пәндік олимпиадаға қатысқан Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасына қарасты «6В042-Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері білім деңгейінің жоғары дәрежесін көрсетіп, жүлделі 2 және 3 орындарды иеленді.

 

Олимпиада барысында студенттер Мемлекет және құқық теориясы мен Конституциялық құқық пәндерінен тест сұрақтарына жауап беруден жоғары балл жинап, Қылмыстық және қылмыстық процесс құқығы мен Азаматтық және азаматтық процесс құқығы пәндері бойынша кейс жағдаяттарын заң нормаларын пайдала отырып, дұрыс шешім шығара білді.

 

Студенттердің жетістікке жетуіне қолдау білдіріп, білім нәрімен сусындатқан аталған пән оқытушылары Мейірбекова Г.Б., Қасымбек А.О., Кенжибекова Э.П., Рахимова Г.Н., Белхожаева Д.Ж., Молдахметова Ж.Е. кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

 

  alt=