қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.04.2012

2012 жылы 29-30 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ  Тарих факультетінде «5В011400 - Тарих» мамандығы бойынша студенттердің IV Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Республикадағы облыстық  ЖОО-нан 9 команда  (27 студент) қатысты.

Олимпиаданың салтанатты ашылуында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор А.Т. Құлсариева білім сайысына қатысушыларға сәт сапар тілеп, олимпиаданың маңызы туралы сөз сөйледі.

Әділ-қазылар алқасы:

Төрайымы - Смағұлова С.О. - Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты  директорының  орынбасары, т.ғ.д.

Төрайым орынбасары - Сайфульмаликова С.С. - Абай атындағы ҚазҰПУ, Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.д.

 

Қазылар алқасы мүшелері:

- Әбдірайымова А.С. - М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент

-Төлеубаева К.М. - Абай атындағы ҚазҰПУ,  Отан тарихы және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, т.ғ.д.

-Қатысушылар тарапынан  өкіл доцент Тастанбеков М.М. (А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті)

 

Жалпы командалық сайыстардың олимпиада қорытындысы:

І  орын - Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

ІІ орын - А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

ІІІ орын - Абай атындағы ҚазҰПУ

 

Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен төмендегі студенттер марапатталды:

Студенттің аты-жөні

ЖОО

орын

марапатталуы

Саркозиев Медет

Абай ат. ҚазҰПУ

І

ҚР БжҒМ

І дәрежелі дипломы

Худайбергенов Адилхан Абдикаримович

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

ІІ

ҚР БжҒМ

ІІ дәрежелі дипломы

Кокеева Айгерим Кенжегалиевна

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті

ІІ

ҚР БжҒМ

ІІ дәрежелі дипломы

Құттымұрат Батырхан Құдайбергенұлы

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университеті

ІІІ

ҚР БжҒМ

ІІІ дәрежелі дипломы

Қожабекова Алтынай Ергешқызы

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

ІІІ

ҚР БжҒМ

ІІІ дәрежелі дипломы

Асубаев Мират Кеңесбекұлы

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

ІІІ

ҚР БжҒМ

ІІІ дәрежелі дипломы