Университет құрылымы |
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары - бұл этносаралық келісімді, мәдениетаралық диалог пен Қазақстан халқының ары қарай бірігуін сақтаудағы жоғары ғылыми әлеуетке ие, келешегі зор құрылым.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 2018 жылғы 23 мамырда құрылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қойған тұлғалар: ҚХА кафедралар Ассоциациясының төрағасы, э.ғ.д.,професссор А.А.Башмаков және Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, п.ғ.д., профессор Т.О. Балықбаев.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының құрылымы университеттің штаттық кестесімен анықталып, жұмысы ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Кафедра меңгерушісі-ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.П.Шаһарман.
Ассамблея кафедрасы университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде әлеуметтік даму жөніндегі проректорының қарауында жұмыс атқарады. Кафедраның материалдық базасы тиісті деңгейде. Кафедраның саяси мазмұны ескеріле отырып, қажетті оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтылған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының мақсаты: - қоғамның одан ары бірігуіне, этноконфессионалдық қатынастарды үйлестіруге, этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосу; этносаяси бағыттағы оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін насихаттаудың бірыңғай әдіснамалық және практикалық жолдарын ұсыну бағытында күш жұмылдыру.
Кафедраның қызметі мен міндетері: - этносаралық, мәдениетаралық келісімдерді нығайту; Кафедра қызметінің негізгі бағыттары: - оқу-әдістемелік бағыты;
Біздің университет студенттерінің ішінде жыл сайын 500-600-ге тарта 22-ден аса этнос өкілдері білім алады. Олардың бәрі дерлік Қазақстан халқы Ассамблеясының мәдениетаралық бірлестіктерінде, жастар ұйымдарында белсенді түрде жұмыс атқарады.
Абай атындағы ҚазҰПУ еліміз Тәуелсіздігін алғаннан бері мемлекетіміздің ұлттық саясатының басымдықтары мен негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін ұлтаралық келісім мен оны нығайту істерінде зор үлес қосып келеді.
Біз туралы ақпарат: Абай атындағы ҚазҰПУ ресми сайтында, instagram - @kaznpu__birlik
Жылдық жоспар (2023-2024) Жылдық жоспар (2020-2021)
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының 2022/2023 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының 2021/2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі
|