Біз туралы | Главная /
Жүніс Майра Әбибуллақызы
Жүніс Майра Әбибуллақызы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ Қызылорда облысының Қожакент ауылында туылып, мектепті, Алматыда ЖОО-ын, аспирантура, докторантураны бітірген. Кандидаттық диссертациясын 10.02.06-түркі тілдері шифрымен қорғаған. Алматыдағы «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтында - доцент, оқу бөлімінің бастығы, кафедра меңгерушісі қызметтерін, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінде аға ғылыми қызметкер (докторантура), университет профессоры қызметтерін атқарды. Қазір ҚазҰПУ-да университет профессоры (Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, Бұйрық №521-ж/қ 02.07.2018 ж.) қызметін атқарады. Інісі, екі сіңілдері осы университетті КазПИ-ді бітірген. 115-тен аса жарияланған еңбектері бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері) Бакалавриатта: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, Лингвистикалық терминдер теориясы Магистратурада: Тіл білімінің/әдебиеттанудың жаңа бағыттары, Психолингвистика, Әлеуметтік тіл білімі және қарым-қатынас Докторантурада: 1 докторантқа ғылыми жетекшілік
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - Қазақстандағы қашқаритану, осы жазба ескерткіштің тіл білімінің жаңа бағыттарымен сабақтастығы проблемасы. 120-ға жуық ғылыми басылымдар, олардың ішінде 2 монография (1. «Тіл тарихы: етіс категориясы (М.Қашқаридың сөздігі бойынша, ХІғ.). Қарағанды «Medet Group» ЖШС. 2016. 204 б. (3-басылым); 2. «Қазақстандағы қашқаритану (лингвистикалық аспект). Алматы: «Роза» баспасы. -2017. -216 б., To study Kashgary in Kazakhstan (linguistical aspect) Almaty: «Roza» publishing house. -2017.-124p. 9 мақала импакт-факторы бар журналдарда жарияланған (The concept of Litigation in folklore and written literature. Opción, Año 36, Regular No.91 (2020): 718-733 ISSN 1012-1587/ISSNe: 2477-9385) 11 мақала шетелдік ғылыми басылымдар мен симпозиумдарда жарияланған (Ұлттық дүниетанымдағы «қоңыр» сөзінің семантикалық және құрылымдық мәні, Өзбекстан, Самарқанд қ. Eurasin Conference /Language &Social Sciences. -2019. -Р. 431-438). 23 мақала ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланған («Түмен» өзінің этимологиясы. Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршы «Филология ғылымдары» сериясы. - Алматы. 2019. - № 3 (69). - 90-95 б.)
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - жоғарғы оқу орындарының білім алушыларына арналған оқулық, оқу құралдары: 1-электрондық оқулық: «Жалпы тіл білімі» (жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). Электронды оқулық. Ispring Suite 7. Жалпы көлемі 471 МБ. 2015 471 МБ. Куәлік № 941 ИС 001647 21.05.2015. 1 оқулық: «Қазіргі қазақ тілі». Алматы: «Дарын» баспасы. - 2008. -274б. 12 оқу құралдары: Anthropocentric trends in Kazakh linguistics (ағылшын тілінде). РУМС /Tutorial. Almaty: Almaty: «Roza» publishing house. 2017. 100 p.
МАРАПАТТАРЫ 1. «ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2016» мемлекеттік грант иегері 26.12.2016 ж. 2. «Білім беру саласының үздігі» 11 наурыз 2019 ж.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|