қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Жүніс Майра Әбибуллақызы

Жүніс Майра Әбибуллақызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ  

Қызылорда облысының Қожакент ауылында туылып, мектепті, Алматыда ЖОО-ын, аспирантура, докторантураны бітірген. Кандидаттық диссертациясын 10.02.06-түркі тілдері шифрымен қорғаған. Алматыдағы «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтында - доцент, оқу бөлімінің бастығы, кафедра меңгерушісі қызметтерін, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінде аға ғылыми қызметкер (докторантура), университет профессоры қызметтерін атқарды. Қазір ҚазҰПУ-да университет профессоры (Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, Бұйрық №521-ж/қ 02.07.2018 ж.) қызметін атқарады. Інісі, екі сіңілдері осы университетті КазПИ-ді бітірген.

115-тен аса жарияланған еңбектері бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді. 

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

Қазақ мемлекеттік

қыздар педагогтік институты

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

6.07.1994ж.

Қазақ мемлекеттік

қыздар педагогтік институты

аспирант

25.12.1997ж.

Қазақ мемлекеттік

қыздар педагогикалық университеті

Ғылым бөлімінде аға ғылыми қызметкер

2006ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Филология ғылымдарының кандидаты

10.02.06-Түркі тілдері

1999

 

ҒЫЛЫМИ  АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Берілген күні

Доцент

15.02.2006ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, Лингвистикалық терминдер теориясы

Магистратурада: Тіл білімінің/әдебиеттанудың жаңа бағыттары, Психолингвистика, Әлеуметтік тіл білімі және қарым-қатынас

Докторантурада: 1 докторантқа ғылыми жетекшілік

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

-  Қазақстандағы қашқаритану, осы жазба ескерткіштің тіл білімінің жаңа бағыттарымен сабақтастығы проблемасы. 120-ға жуық ғылыми басылымдар, олардың ішінде 2 монография

(1. «Тіл тарихы: етіс категориясы (М.Қашқаридың сөздігі бойынша, ХІғ.). Қарағанды «Medet Group» ЖШС. 2016. 204 б. (3-басылым); 2. «Қазақстандағы қашқаритану (лингвистикалық аспект). Алматы: «Роза» баспасы. -2017. -216 б., To study Kashgary in Kazakhstan (linguistical aspect) Almaty: «Roza» publishing house. -2017.-124p.

9 мақала импакт-факторы бар журналдарда  жарияланған (The concept of Litigation in folklore and written literature. Opción, Año 36, Regular No.91 (2020): 718-733 ISSN 1012-1587/ISSNe: 2477-9385)

11 мақала шетелдік ғылыми басылымдар мен симпозиумдарда жарияланған (Ұлттық дүниетанымдағы «қоңыр» сөзінің семантикалық және құрылымдық мәні, Өзбекстан, Самарқанд қ. Eurasin Conference /Language &Social Sciences. -2019. -Р. 431-438).

23 мақала ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланған («Түмен» өзінің этимологиясы. Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршы  «Филология ғылымдары» сериясы. - Алматы. 2019. - № 3 (69). - 90-95 б.)

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - жоғарғы оқу орындарының білім алушыларына арналған оқулық, оқу құралдары:

1-электрондық оқулық: «Жалпы тіл білімі» (жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). Электронды оқулық. Ispring Suite 7. Жалпы көлемі 471 МБ. 2015 471 МБ. Куәлік № 941 ИС 001647 21.05.2015.

1 оқулық:  «Қазіргі қазақ тілі». Алматы: «Дарын» баспасы. - 2008. -274б.

12 оқу құралдары: Anthropocentric trends in Kazakh linguistics (ағылшын тілінде). РУМС /Tutorial. Almaty: Almaty: «Roza» publishing house. 2017. 100 p.

 

МАРАПАТТАРЫ

1. «ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2016» мемлекеттік грант иегері 26.12.2016 ж.

2. «Білім беру саласының үздігі» 11 наурыз 2019 ж.

 


← Кері оралу