қазақша · русский · english
 
Ғылым департаменті
 
 
 Кенжебаева Улпан Ермаханбетовна
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі

Қазыбек би көшесі 30, 209 каб.
 8-776-964-57-57
u.kenzhebayeva@abaiuniversity.edu.kz

 

Ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесі университет бөлімшелерінің ғылыми зерттеулерінің коммерциялық бағыттылығын ынталандыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Түрлі конкурстарға қатысу, стартап компанияларды іске қосу үшін коммерцияландыру жобаларын ресімдеу бойынша кеңес береді.


Сонымен қатар, перспективалық инновациялық жобалардың, технологиялар мен әзірлемелердің тізімін қалыптастырады. Тізімді қалыптастыруға қажетті ақпаратты жинауды жүзеге асырады.


Алдын ала маркетингтік зерттеулер жүргізу және одан әрі коммерцияландыру бойынша стратегияларды/шешімдерді әзірлеу мәніне перспективалық инновациялық жобалардың, технологиялар мен әзірлемелердің тізіміне талдау жүргізеді.


Перспективалы инновациялық жобаларды, технологияларды коммерцияландыруға мүдделі әріптестерді (кәсіпкерлерді, инвесторларды) іздеуді жүзеге асырады. Коммерциялық тартымдылық мәніне инвестициялау және іріктеу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ және Бөгде ұйымдардың тиімді инновациялық жобаларына сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жауап береді.


Профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттерге кәсіпкерлік негіздер бойынша онлайн-вебинарлар өткізеді. 2025 жылғы қыркүйек айында «Идеяны табысты стартапқа айналдыру» тақырыбында бірнеше вебинар ұйымдастырылды.


Коммерцияландыру кеңсесі бизнес-әріптес - «Keruen Plus» ЖШС-і және «Ғылым қоры» АҚ арасында жасасқан үшжақты шарттың негізінде бизнес-әріптеспен бірлесіп, «YBCO модификаторларын қолдана отырып, ПВХ негізіндегі композиттік материалдардан коэкструзия әдісімен экологиялық жылтыр терезе тақтайшаларын инновациялық өндіру» (DP21682051) жобасын жүзеге асыруда. «Ғылым қоры» АҚ-ның жобаны қаржыландыруға бөлген грант сомасы 350 000 000 теңгені құрайды.
Жоба аясында әзірленген өнімді бизнес-әріптес - «Keruen Plus» ЖШС-і өндіріске сәтті енгізуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, жоба аясында шығарылған өнім сатылымының көлемі 35 560 000 теңгені құрады.


2024 жылдан бастап коммерцияландыру кеңсесі профессор-оқытушылар құрамының, білім алушылардың бизнес идеяларын табысты стартаптарға айналдыру мақсатында «Жас кәсіпкер Abai University» байқауын жыл сайын өткізеді. 2024 жылдан бастап 2025 жылдың қараша айына дейінгі аралықта үш байқау ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта 15 жобаны коммерцияландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Стартап жобалары аясында әзірленген өнімдерді өндіріске енгізудің тиімді механизмі әзірленуде.